Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалың малын аяды": Шымкенттік қайын жұрты сырға салмаған келін мұңын шақты

Опубликовано:

Шымкенттік келіншек қалың малын бермеген қайын жұртына өз өкпесін айтты. Үш балалы ананың сөзінше, осыдан бес жыл бұрын тұрмыс құрған ол, ата-енесінен бір де бір тарту-таралғы алмапты. Отбасылы келіншек бүгінде жанұясымен бірге елордаға қоныс аударған. Сырға салмай тұрмыс құрған үш балалы ананың өкпе-назын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап көрді.

Көрнекі фото: life.ru
Көрнекі фото: life.ru: UGC

Келіншектің айтуынша, ата-енесі оған сырға тағудан алғашқы уақыттан-ақ бас тартқан.

"Қайын жұртым тұрмысы төмен адамдар емес, құдайға шүкір орта санаттағы отбасылар. Бірақ ата-енемнің сараң болғаны сонша, маған қалың мал беруден бас тартты. Бастапқыда кейін береміз, қазір жағдай жоқ деді. Кейін тәтті шай болды, онда да ләм-мим деп ауыз ашпады.
Тек ата-анама құда деп шапан жапты. Басқа түк алмадық, тіпті маған сырға да салмады. Әйтеуір жолдасым аман болсын, үйлену туралы ұсыныс айтқанда, алтын сақина таққан. Сол сақинамен тұрмысқа шығып кеттім", - дейді келіншек.

Ол аздай ата-енесі жас отбасыдан үнемі ақша сұраумен болыпты.

"Күйеуім үйдің үлкені, екі інісі мен ата-анасына қолынан келгенше көмектесті. Шыментте пәтер жалдап тұрдық, ол кезде де бүкіл тапқан-таянғанымызды ата-енеміз алатын. Содан жолдасымның дос баласы жұмыс бабымен астанаға ауысқан еді. Сол бала жұбайымды жұмысқа шақырып, былтырдан бері осындамыз.
Әрине ол кезде жас болдық. Қалың малдың да, сырға салудың да керегі жоқ, бақытты болсақ болды деп ойлағанмын. Қазір еске алсам, кеудеде бәрібір реніш қалады екен. Қалың мал, сырға салу деген қазақтың ырымы ғой? Қыздың да сұрауы болады. Ата-анам момын адамдар, сол себепті қарсы келмеді. Бастысы балаларым мен жолдасым аман болса екен деймін. Ол кісілерді біз жөндей алмаймыз. Мүмкін кейін бәрін өздері түсіне жатар", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792381-kaly-malyn-aady-symkenttik-kajyn-zrty-syrga-salmagan-kelin-myn-sakty/

pixel