RU
Павлодар облысында шенеунік 36,4 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында шенеунік 36,4 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Павлодар облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық басшысының бұрынғы орынбасары 36,4 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктілеуде. Бұл туралы МҚІСЖҚІА-ның брифингінде хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Павлодар облыстық департаменті облыстық "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКК басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ол өзіне бағынышты тұлғалар тобымен жүйелі түрде облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз рәсімдеу және аудару арқылы 2006-2014 жылдары жалпы сомасы 36,4 млн теңге болатын бюджет қаражатын талан-таражға салу күдігіне ілігіп отыр", - деді агенттік.

Күдіктінің кінәсін толықтай мойындауына байланысты процессуалды ұстау шарасы қолданылмағаны айтылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel