RU
Ақмола облысында ауыл әкімі пара алды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында ауыл әкімі пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің әкімі Щучье-Бурабай курорттық аймағында ЖТҚ үшін жер учаскесін бөлу мәселесін қарау кезінде азаматтың мүддесін қорғағаны үшін пара алған деп күдіктелуде. Шенеунікке қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатқаны МҚІСЖҚІА брифингінде белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.
Ол "Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017- 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын" іске асыру аясында аудандық жер комиссиясымен Зеленый бор кентінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бөлу туралы мәселені қарау кезінде мүдделерін қорғағаны үшін азаматтан 500 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр", - деп хабардар етті МҚІСЖҚІА-да.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәнің толық мойындалуына байланысты ұстау жұмыстары жүргізілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel