RU
"Ұйқы бермеген": Нұр-Сұлтанда жеті жасар баланы азаптаған өгей әке қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

"Ұйқы бермеген": Нұр-Сұлтанда жеті жасар баланы азаптаған өгей әке қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда жеті жасар баланы азаптаған өгей әке қамауға алынды. Ал зардап шеккен жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түскен деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Көрнекі фото: cherlock.ru

Көрнекі фото: cherlock.ru

"Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында анықталғандай, жеті жасар бала өз анасы және өгей әкесімен бірге тұрған. Аталмыш іс бойынша терең талдау жүргізе отырып, полиция мынадай қорытындыға келіп отыр:
Бала шешесімен бірге тұрып жатқан ер адамнан жиі жәбір көрген. Баланың айтуынша, үйде анасы болмаған кезде күндізгі уақытта ер адам оны сабап жүрген. Кей жағдайда тіпті балаға түні бойы ұйқы бермей, көбейту кестесін жаттатып қойған. Баланы азаптау жағдайы жиі орын алып отырған", - делінген департаменттің хабарламасында.

Куәгерлердің жауаптары мен тергеу амалдарына сүйене отырып, ер адам баланы сабау фактісіне қатысты күдікті ретінде танылды. Ол ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
4
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel