RU
Атырау облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып жіберді (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып жіберді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

3 мамыр күні қатты желдің салдарынан Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округіндегі Манаев атындағы мектептің шатыры ұшып кетті деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі

Бұл жағдайға желдің секундына 22 метрге дейін ұйықтуы себеп болып отыр. Ғимараттың 674 шаршы метрі шатырсыз қалған.

"Ақ Жайық" мәліметінше, білім ордасында сабақ бүгінше тоқтатылған. Зардап шеккендер жоқ.

"Комиссия құрылып, бүгінде шығын көлемі анықталып жатыр. Әзірге бұл жұмысты кім атқаратыны белгісіз, кейін анықтаймыз", - деді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов.

Осындай жағдай Атырауға жақын орналасқан Балықшы кентінде де орын алды. Қатты жел бес қабатты үйді шатырын жұлып әкетті.

Зардап шеккендер жоқ.

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel