RU
Леонардо да Винчидің көзі тірісінде салынған суреті табылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Леонардо да Винчидің көзі тірісінде салынған суреті табылды

Рассказать Вконтакте

Британдық корольдік коллекцияда Леонардо да Винчидің көзі тірісінде салынған белгісіз портреті табылды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Сурет Франция Королі тапсырыс берген ескерткішке арналған дайындық этюдтары бар қағаз бетінен табылған.

Мамандар туынды авторы суретшінің көмекшісі болуы мүмкін деген тұжырым жасауда. Ол да Винчиді оның өліміне дейін 1519 жылы салуы ықтимал.

Портрет 24 мамыр күні Букингем сарайында ашылатын көрме кезінде көпшілікке алғаш рет көрсетіледі.

Бұған дейін Леонардо да Винчидің бір ғана портреті белгілі болды. Ол да корольдік коллекцясында сақталып келеді.

2013 жылы швейцариялық банкте Леонардо да Винчи жұмысының белгісіз суреті табылғаны хабарланған. Онда Изабелла д 'Эсте қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің қамқоршысы бейнеленген.

Кенеп 400 жыл бойы өнер туындыларын жинаған итальяндық отбасына тиесілі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel