RU
Дания Еспаеваны Алматы облысында 17 мыңнан аса халық қолдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дания Еспаеваны Алматы облысында 17 мыңнан аса халық қолдады

Рассказать Вконтакте

ҚР президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Дания Еспаеваны Алматы облысында 17 мыңнан аса адам қолдап, қол қойған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: "Алматы" арнасы

Фото: "Алматы" арнасы

"Біздің "Ақ жол" партиясы атынан президент сайлауына кандидат ретінде мәжіліс депутаты Дания Еспаева ұсынылды. Жетісу өңірінің барлық аудан-қалаларын аралап шықтық. Үміткеріміздің кандидатурасын Алматы облысында 17 100 адам қолдап, қол қойды. Талдықорғандағы облыстық сайлау комиссиясына барлық құжаттарды өткіздік. Ол жерде бізге нақты 16 525 дауыстың дұрыс деп танылып, есептелгенін жеткізді", - деді "Ақ жол" демократиялық партиясының Алматы облысы бойынша филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова.

Шынасилованың сөзінше, үміткерге қол жинауға 50 адам атсалысқан.

"Алматының іргесіндегі Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле сияқты ірі аудандардың халқы жақсы белсенділік танытты. Бір ғана Қарасай ауданынан 2020 адам кандидатты қолдап, қол қойды. Ал есептелмей қалған қолдарға басты себеп, тұрғындар арнайы парақшаны дұрыс толтырмаған, қате жіберген",  - деді  партия өкілі.

Айта кетейік, Дания Еспаева Қазақстандағы президент сайлауына түсіп отырған алғашқы әйел.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel