RU

"Канело" мен Джейкобс көз арбасу сәтінде төбелесіп қалды (фото, видео)

Орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдындағы көз арбасу кезінде төбелесіп қалды деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Екі боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өткен соң, бетпе-бет жүздесіп, көз арбасты.

Бірнеше секундтан соң қос спортшының арасында төбелес орын алды.

Кадрдан оларды ұйымдастырушылар тарапы мен бапкерлер штабы ажыратып алғанын байқауға болады.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 4 мамыр күні өтетін Альварес - Джейкобс жекпе-жегі кештің негізгі кездесуі болмақ.

Қос мықтының арасындағы шайқас Нұр-Сұлтан уақытымен 5 мамыр күні таңертең өтеді.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Головкиннен жеңіп алған белбеулерін қорғайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792446-kanelo-men-dzejkobs-kz-arbasu-stinde-tbelesip-kaldy-foto-video.html