Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәнді көйлекпен жекпе-жекке шығатын боливиялық әйелдер жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Боливия мемлекетінде әлемдегі ең қызық жекпе-жектердің бірі "чолитас-реслинг" өтеді. Көлемді көйлектер мен сәнді телпек тиген әйелдер рингке шығып, бір-бірімен күш сынасады. Ал олардың кейбірі тіпті ер азаматтармен күресуге дейін барады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Чолита-реслинг — бұл ескі жекпе-жек пен мексикандық луча-либра күресінің қосындысы. Рингке әйелдер көйлек киіп шығады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Боливиалық әйелдердің жекпе-жегі қарапайым күрестерден де қызық өтеді. Бұл жерде шоу маңызды рөл атқарады. Аталмыш тартысытың көрермені болу үшін мыңдаған адам алаңға жиналады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұрында "чолита" сөзі боливиалық әйелдер үшін кемсіту болып саналатын. Себебі бұлай тек аралас отбасында дүниеге келген қыздарды атайтын. Қазіргі таңда әйелдер аталмыш сөзге жеңіл қарайтын болған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Боливиалық әйелдер тері түсіне бола кемсітулерден жапа шегетін. Ал қазір өз-өзіне деген сенімділігін спорттың осы түрі арқылы айғақтап жүр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мемлекетте қарапайым реслинг 1950 жылдан бері әйгілі болса, чолита тек соңғы жылдары танымал бола бастады.

Чолита-реслинг тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдерді қолдау идеясынан пайда болды. Олар рингке шығып бар ашу-ызасын сол жерде шығара алды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әйелдер жекпе-жегі мереке түрінде өтеді. Музыканттар аспаптарда ойнап, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, айналада керемет, көңілді атмосфера орнайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Боливиалық әйелдердің киген әдемі көйлектері тек алдамшы сырт келбеттен хабар береді. Нәзік жандылардың ар жағында үлкен батылдық пен қайсарлық жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792447-sndi-kjlekpen-sajkasatyn-bolivialyk-jelder-zajly-ne-bilemiz/

pixel