RU

"Қыздардан асып кетеді": Тойда шығыс биінің түбін түсірген жігіттер қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде тойда мың бұрала шығыс биін билеген жігіттердің видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жпзпды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Видео Instagram желісіндегі kazakh.toy тобында жарияланды.

Кадрдан жігіттердің қонақтар алдында майысып билегенін, олардың өнеріне көпшіліктің қошемет көрсеткенін байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "жігіттерге не көрінген", "қыздардан асып түседі", "тамаша", "ер азаматқа дәл осылай билеген жараспайды", "ұят-ай" деген сынды пікірлерін қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792450-kyzdardan-asyp-ketedi-tojda-sygys-biini-tbin-tsirgen-zigitter-kyzu-talkyga-tsti.html