Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жерде, бір уақытта туған қос ғашық 26 жылдан кейін отбасын құрмақ (фото)

Опубликовано:

1992 жылы 22 желтоқсан күні Шона Грейси есімді бойжеткен британдық Уиган қаласының ауруханасында мерзімінен бұрын дүниеге келген. Ал 7 сағат өткеннен кейін оның болашақ жары Том Магуайер өмірін есіген ашқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: © Shauna Gracey/SWNS
Фото: © Shauna Gracey/SWNS: UGC

Бір күнде дүниеге келген Шона мен Том бір қалада өсіп, тіпті, бір-біріне жақын жерде тұрып келген. Алайда 2010 жылға дейін бірін-бірі мүлде танымапты. Том мен Шона 18 жасында, ортақ достары ұйымдастырған костюмдік сауық кешінде танысқан.

Сол күні Шона Минни-Маус костюмін киіп алыпты. Оның айтуынша, кеш бойы ниндзя костьміндегі жігіт оны айналшықтап қоймаған. Азаматтың бетін маска жауып тұрған соң, бойжеткен оның ар жағындағы ханзадасын көре алмаған.

Фото: © Shauna Gracey/SWNS
Фото: © Shauna Gracey/SWNS: UGC

Кеш соңында Том олардың міндетті түрде қайта көрісу керек екенін айтып, кейіннен әлеуметтік желі арқылы қыздың көңілін таба бастаған. Жігіт аруға бір көргеннен ғашық болыпты.

Олар жақын араласқанымен, Шона 2011 жылдың сәуіріне дейін жігіттің ұсынысын қабылдамай жүрген. Тек сол айда Том қыздың жүрегін жаулай алды. Қос ғашық ресми түрде қыз-бен жігіт болып кездесе бастаған.

Фото: © Shauna Gracey/SWNS
Фото: © Shauna Gracey/SWNS: UGC

Том мен Шона бір жерде және бір уақытта туғандарын тек жұп болғанда білген.

Олар өздерінің махаббат хикаясын естіген жандардың таңырқай қараған жүздерін бақылағанды ұнатады екен. Қазіргі таңда Шона мен Том бірге тұрады, ал мамыр айында үйлену тойлары өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792453-bir-zerde-bir-uakytta-tugan-kos-gasyk-26-zyldan-kejin-otbasyn-krmak-foto/

pixel