Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инемен емдеу оразаны бұза ма?

Опубликовано:

Қасиетті Рамазан айына санаулы күндер қалды. Осы орайда ораза ұстауды ниет еткендерде сан-алуан сауалдар туындайды. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі инемен емдеуге қатысты түсініктеме берді.

Инемен емдеу оразаны бұза ма?
Көрнекі сурет: all.biz.kz: Facebook

ҚМДБ мәліметінше, инемен емдеу оразаны бұзбайды. Бұл мәселені денеге кірген жебе және шаншылған найза мысалы негізінде салыстыруға болады.

"Садақтың оғы (жебе) дененің бір жағынан кіріп, басқа жағынан шықса немесе найзамен шаншып алғанда ішіне жетсе, ораза ашылмайды.
Егер найза ішінде қалып қойса, мұнда пікір қайшылықтары туындайды. Дегенмен, ең дұрыс шешім – оразаның бұзылмауы", - деп жазылған Фиқһ кітаптарында.

Дегенмен Ораза кезінде инемен емделу аса қажет болмаса, оны кешкіге немесе Рамазан айынан тыс күндерге қалдырған дұрыс дейді мүфтият. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792468-inemen-emdeu-orazany-bza-ma/

pixel