Выйти
RU

Сауль Альварестің проумоутері Головкинге үшінші кездесу үшін шарт қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Геннадий Головкинге қыркүйекте үшінші жекпе-жектің болуына кепілдік бере алмайтынын айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оскар де ла Хойяның сөзінше, Головкин трилогияның болатынына сенімді, бірақ "Канело" қазақстандық боксшының қолында әлем чемпионы белбеуі болмайынша, үшінші жекпе-жек өткізуге ниеті жоқ.

"Головкиннің қыркүйекте "Канеломен" айқасатыны - өтірік. Алдымен, Головкин қайта көтерілуі керек. "Канело" қазіргі уақытта чемпион, оның 168 фунтта да, 175 фунтта да таңдауы көп.
Егер Головкин онымен жұдырықтасқысы келсе, алдымен әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуі керек", - деді Де ла Хойя.

Еске сала кетйік, Геннадий Головкин мансабындағы алғашқы жеңілістан кейін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауль Альварестің проумоутері Головкинге үшінші кездесу үшін шарт қойды