RU
Алматыда екі жасар баланы ұрған тәрбиеші жұмысынан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда екі жасар баланы ұрған тәрбиеші жұмысынан қуылды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана балабақшаларының бірінде екі жасар балаға тәрбиеші қол көтерді. Баланың анасы соққы іздерін байқап, мән-жайды анықтауға тәрбиешіге келгенде, ол баланың құлап қалғанын алға тартқан. Алайда бейнебақылау камераларының жазбасы шындықты анықтап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы балабақшасында соққыға жығылған 2 жасар баланының анасы жанайқайын жеткізді

Фото: Видеодан скриншот

Оқиға екінші мамыр күні Нұркент ықшам ауданындағы балабақшада болған.

Баланың анасы Әселдің сөзінше, ол жұмыстан оралғаннан кейін ұлының бетінен шапалақ іздерін байқаған. Айтуынша, баласы екі жарым жаста, әлі жөнді сөйлей алмайды.

"Бетінен шапалақ ізін байқадым. Бүгін балабақшаға мән-жайды анықтауға бардым. Себебі ұлым ара-тұра балабақшадан әртүрлі жарақаттармен оралады.
Тәрбиеші маған ұялмай жалған сөйледі. Ол баламның өзі құлап қалғанын алға тартты. Содан кейін камера жазбаларын көруді ұйғардық. Жазбаны көрген кезде жаға ұстадық", - деді Әсел.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Бұл қылмысты Алатау ауданы полиция басқармасы тергеп жатыр. Өткен түні бір баланың анасы полицияға арызданды. Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеудің бірегей реестіре қылмыстық кодекстің 140 бабы 2 тармағы бойынша тіркелді.
Балабақшаның 35 жастағы тәрбиешісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада бұл қылмыстық істің материалдары сотқа жөнелтіледі", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазақпараттың хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты қалалық Білім беру басқармасы түсінік беріп, оқиғаның №37 балабақшада болғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, тәрбиші еңбек кодексінің 52-бабының 14 тармағы бойынша жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар, балабақшада аталған дерекке байланысты өндірістік жиын өткен. Ал балабақша меңгерушісіне ұжымның тәрбітін қадағалауды қолдан шығарып алғаны үшін сөгіс жарияланған.

Мектепке дейінгі білім беру ошағының жұмысы қалалық Білім беру басқармасының қатаң бақылауына алынған.

Еске сала кетейік, 3 мамыр күні әлеуметтік желіде Алматы балабақшасында баланы тәпішкемен ұрған тәрбиешінің видеосы тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
7
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel