RU
"Ұлы дала иісі": Төреғали өзінің атымен иіссу шығара бастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ұлы дала иісі": Төреғали өзінің атымен иіссу шығара бастады

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана ізбасарының бесік тойын ұлан-асыр өткізген Төреғали Төреәлі өз есімімен иіссу шығара бастады. Әнші кәсібін бастамас бұрын Асанәлі Әшімовтен бата алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Toresh" иіссулары жайлы жаңалықпен ұлы дала баласы Instagram парақшасында бөлісті.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Сәуір айының 30-шы жұлдызында, Алланың қалауымен Алаштың абызы Асанәлі Әшімов атамыздың ақ батасын алып, “Toresh” атты парфюмның ашылу салтанатын өткіздік", - деп жазды хитмен.

Желі қолданушылары да Төреғалидің жаңа бастамасына оң ықыластарын білдіріп, ақ тілектерін арнаған.

"Ісің алға баса берсін", "Сәттілік", "Бастамаң оң болсын", "Құтты болсын", "Еңбегіңіздің жемісін көріңіз" деп желідегілер пікір білдірді.

Желі қолданушыларының жазуынша, иіссудың бір құтысы 25 мың теңге тұрады.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі осыдан бірнеше күн бұрын қызының тұсаукесері мен ұлының бесік тойын қатар атап өтті.

Әнші мерейтой барысында ата-анасына Грузия еліне жолдама сыйлаған.

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel