Выйти
RU

Данияр Елеусінов Головкин-Роллс айқасының андеркартында өнер көрсететін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегін 25 мамырда АҚШ-та өткізуі қажет болған. Алайда спортшының командасы украиналық Александр Усик пен француз Карлос Такаманың арасында өтетін бокс кешінде өнер көрсетпеу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бегілі болғандай Данияр Елеусінов келесі кездесуі 8 маусымда Головкин-Роллс андеркартында өтпек.

Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев айтты.

"Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға, Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жария етеміз", - деді ол.

Еске сала кетсек, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен кездеседі.  

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Данияр Елеусінов Головкин-Роллс айқасының андеркартында өнер көрсететін болды