RU

Жапонияда құны 80 млн тұртын әйелдер дәретханасы ерлерді естен тандыруда (видео)

Жапонияның Акаси қаласында орналасқан мейрамхана ерекше ас мәзірімен емес, әйелдер дәретханасымен танымал. Оның ерекшелігі сондай, тіпті ерлердің өзі ішіне кіріп көргісі келеді екен. Келушілер саны аз болғанда мейрамхана қызметкерлері ер азаматтарға да әжетхананы көзбен шолуға рұқсат береді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фотo: instagram/yuri.kiwi
Фотo: instagram/yuri.kiwi: UGC

Hipopo Papa мейрамханасындағы дәретхана қабырғасы шыны ыдыстан жасалған. Ал бөлменің айналасында түрлі экзотикалық балықтары бар аквариум орналасқан.

Оның ішінде, тіпті, тасбақа өмір сүреді екен. Бұл жер 12 жылдың көлеміндей қаланың көрнекі жері болып есептеледі.

Әйелдер бөлмесінің мұндай ерекше дизайны үшін мейрамхана иесі 80 миллиоға жуық теңге жұмсаған.

Мейрамханаға келушілердің кейібірі уақытының көп бөлігін дастархан басында емес, дәл осы әжетханада өткізеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792483-zaponiada-kny-80-mln-trtyn-jelder-drethanasy-erlerdi-esten-tandyruda-video.html