RU
АҚШ-та 142 жолаушысы бар Boeing өзенге құлады (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

АҚШ-та 142 жолаушысы бар Boeing өзенге құлады (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Джексонсвилл қаласындағы өзенге жолаушылар тасымалдай Boeing 737 ұшағы құлады. Ұшақта 142 адам болған. Бұл туралы қала мэрі Ленни Керри Twitter арқылы хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та жолаушылары бар Boeing өзенге құлады (фото)

Фото: twitter.com/JSOPIO

"Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Бұл жөнінде маған қазір оқиға орнында жүрген өрт сөндіру қызметі хабарлады", - деп жазды қала басшысы.

Округ полициясының шерифі дүрліккен тұрғындарды сабасына түсіріп, жолаушылар аман екенін хабарлауға асықты. Ол Twitter парақшасында суреттерді жариялады.

"Коммерциялық ұшақ таяз суда. Ұшақ суға батқан жоқ. Адамдардың бәрі аман", - деп жазды шериф.

Кейінірек шериф тағы бір пост жазып, 21 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ол зардап шеккендердің арасында ауыр жарақат алғандар жоқ екенін және зардап шеккендер арасында балалар жоқ екенін хабарлады.

Ол адамдарды эвакуациялауға көмектескен өрт сөндірушілерге алғыс айтып, тамаша атқарылған топтық жұмыс үшін мақтады.

Қалалық WJXT телеарнасы құтқару кеудешелерін киген адамдардың суретін жариялады. Суда тұрған құтқару қайығын көруге болады.

Телеарнаның хабарлауынша, суретті "әскери дереккөз" ұсынған.

CNN басылымы ұшақ Miami Air әуекомпаниясына тиісілі екенін және ол 136 адамды тасымалдағанын жазды.

Басылым мәліметінше, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, суға түскен.

Ал танымал Fox News ақпараттық порталы ұшақта 142 жолаушы болғанын хабарлады.

Boeing компаниясы оқиға жайында білетінін жеткізді. Қазір компания мамандары ақпарат жинаумен айналысуда.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel