Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК Таспиховты президенттікке үміткер ретінде ресми түрде тіркеді

Опубликовано:

ОСК Амангелді Таспиховты Қазақстан президентіне үміткер ретінде ресми түрде тіркеді. Оны Кәсіподақтар федерациясы ұсынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы сайлау - үміткерлер:ОСК Таспиховты ресми түрде тіркеді
Фото: otyrar.kz: Facebook
"Жауапты тұлғалар Қазақстанның 15 аймағынан, Алматы мен Шымкент қалаларынан басқа, үміткерді қолдайтын 122 770 қол жинады. Соның ішінде 119 577 қол жарамды деп танылды. Осылайша тіркеуге қажетті құжаттардың барлығы орталық сайлау комиссиясына тапсырылды және талаптарға сай", - деп хабарлады ОСК-ның хатшысы Сәбила Мұстафина.

Таспиховқа ҚР президенттігіне үміткер куәлігі берілді.

Осыдан бұрын ОСК ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаевты және Садыбек Түгелді президенттікке үміткер ретінде тіркегені хабарланған болатын.

Орталық сайлау комиссиясына жалпы тоғыз үміткердің құжаттары тапсырылды. Алайда кейін Қазақстан құрылысшылары одағының атынан сайлауға түскен Талғат Ерғалиев, өз арызын қайтару шешімін қабылдады.

Сондай-ақ 2 мамыр күні ОСК қазақ тілін еркін меңгермегендігі үшін Жұматай Әлиевті үміткер ретінде тіркеуден бас тартты.

ОСК-ның ақпаратында, 2 мамырдағы жағдай бойынша жеті үміткердің барлығы заң талаптарына сай және қолдаушылардың қолын жинауды бастап кетті.

Олар: Садыбек Түгел, Қасым-Жомарт Тоқаев, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева, Төлеутай Рахимбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1792498-osk-taspihovty-prezidenttikke-mtiker-retinde-resmi-trde-tirkedi/

pixel