RU
Шымкентте терракт жасау ниетін айтқан ер адам полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте терракт жасау ниетін айтқан ер адам полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте терракт ұйымдастырмақ ойы бар екенін полицияға өзі қоңырау шалып хабарлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: royallawyer.ru

Фото: royallawyer.ru

Белгісіз ер адам "102" қызметіне сағат түнгі 00:15 шамасында хабарласып, лаңкестік әрекет жасамақ ойы бар екенін жеткізген.

Оқиға орнына бірінші болып эстремизге қарсы басқарма қызметкерлері келіп жетті. Олар жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні тұтқындады. Ол Тассай елді мекенінің тұрғыны болып шыққан.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің "терроризм актісі бойынша жалған ақпарат беру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel