Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Борат" фильмін көрген Шарлиз Терон ауруханадан бір-ақ шықты (видео)

Опубликовано:

Голливудтық танымал актриса Шарлиз Терон "Late Night" бағдарламасында ашық сұхбат берді. Шоуменнің бағдарламасында 43 жастағы актриса атышулы "Борат" фильміне байланысты тосын оқиғасын баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шарлиз Терон, "Борат". Фото: Youtube скрин,unian.net. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Шарлиз Терон, "Борат". Фото: Youtube скрин,unian.net. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Америкалық актриса Шерлиз Терон өзінің басынан өткерген қызықты оқиғаларын көрермендеріне жиі айтып отырады. Осы жолы да өнер иесі Сет Майерстің "Late Night" бағдарламасында "Борат" фильмінен кейін бес күн бойы ауруханада жатқанын айтып берді.

Оның ауруханаға түсуіне тоқтаусыз күлкісі мен мойынының ауыруы себеп болған.

Шетелдік жұлдыздың айтуынша, ол 2006 жылы жарыққа шыққан фильмді енді тамашалаған.

"Өте қатты күлгенім сонша, менің мойным қысылып қалды. Жедел жәрдем көлігі мені ауруханаға алып кетіп, мен бес күн бойы сонда жаттым. Мен сол бойы фильмнің аяғына жете алмадым", - дейді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, Саша Барон Коэннің "Борат" атты фильмі 13 жылдан бері көпшілікті бей-жай қалдырмаған. Алайда бұл фильм қазақстандықтар көңілінен шықпады.

Тіпті елімізде "Боратқа" қарсы "Менің ағам - Борат" атты фильм түсірілмек те болды. Алайда отандық кино, "Борат" секілді танымалдылыққа ие бола алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792511-borat-filmin-krgen-sarliz-teron-auruhanadan-bir-ak-sykty-video/

pixel