RU

Шыңғыстау көтерілісі мен Шәкәрім қазасына – 80 жыл

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында "Шыңғыстау көтерілісі мен Шәкәрім қазасына 80 жыл" атты әдеби-тарихи сазды танымдық кеш өтті.

Кешке аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің бастығы Әсет Мырзақасымұлы, аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана­ның директоры Рысты Советбекқызы, ауылдың ақсақалы зейнеткер Әзенбаев Сейітқазы соған қоса ұстаздар мен оқу­шылар қатысты.

Кешті Кеңгірбай би ауыл­дық округінің әкімі Г.Боранжанова сөз сөйлеп ашты. Кеш барысында Әсет Мырзақасым­ұлының "Отыз бірдің соңғы күзі" атты пьеса­сынан үзінді көрсетілді.

Шәкәрім ұрпақтары Әзенбаев Сейітқазы, Берлешов Құсман өз естеліктерінен сыр шертті.

Жиын кезінде қатысушылар назарына Шыңғыстау көте­рілісі мен Шәкәрім қазасына 80 жыл толуына арнап әзірленген слайд көрсетілді.

Әдеби кештің соңында Шәкәрім бабаның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/179252-shyngystau-koterilisi-men-shekerim-kazasyna-80-zhyl.html