RU
Алматы полициясы кезекті қалта ұрыларының суретін жариялады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы полициясы кезекті қалта ұрыларының суретін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады. Тәртіп сақшылары олардың барлығы ұрлық кезінде ұсталғандарын жеткізді деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Алматы қалалық ПД

фото: Алматы қалалық ПД

Суреттегі ер азаматтардың жасы 20 мен 38-дің арасын құрайды. Әрқайсысы бірнеше қалта ұрлығымен құрықталған.

Олар қоғамдық орындарда жемтігін іздеп, ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, бағалы заттарды қолды қылған.

фото: Алматы қалалық ПД

фото: Алматы қалалық ПД

Криминальды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов қалта ұрысы ұрлық кезінде жәбірленушінің көз алдында болмайтындығын атап өтті.

"Осыған байланысты, мегаполис тұрғындары қалта ұрыларының түрін біліп жүргені маңызды. Бұл суретке жақсылап қараңыздар, осылардың біреуі сізбен бірге автобуста кетіп бара жатпасына кім кепіл", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel