RU
"Па, шіркін": Жолдыбаеваның ашық образдары жігіттердің есін алды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Па, шіркін": Жолдыбаеваның ашық образдары жігіттердің есін алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше жарыққа шығып, жұрттың қызу талқысын түскен Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа клипіне өнердегі ер-азаматтар пікір білдірді. Жұлдыз жігіттер мінсіз мүсінді әншінің бейнебаянына таңғалғандарын жасыра алмаған деп жазады "Gakku.Tv" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева, Керменбаев, Оқапов, Гәкку арнасының жүргізушісі. Фото: Әншінің жеке парақшасы, Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кәмшат Жолдыбаева, Керменбаев, Оқапов, Гәкку арнасының жүргізушісі. Фото: Әншінің жеке парақшасы, Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Олардың арасында Нұржан Керменбаев, Әли Оқапов, "MadMen" тобы мен "Гәкку" арнасының продюсері мен жүргізушілері бар.

"Кәмшат негізі стилистермен жақсы жұмыс жасайды. Трек өте жақсы. Кәмшат өзінің трегін тапқан сияқты. Түсірілім басқа байқайсың ба? Бізге жаңа әлем сыйлаймыз дейді ғой.

Па, шіркін! Маған ондай сөздер айтуға болмайды екен ғой. Ұмытып кетіппін.

Музыканттарға жарайсыз дейміз. Ән үшін де, бейнебаянға да - 9 балл беремін. Кәмшат сәттілік", - деді Нұржан Керменбаев.
"Ыстық болып кетті мына жер. Мына бөлмеде ауа жетпей қалды. Не деген шаш анау? Кәмшат әрдайым өз стилінде.

Не айтарымды ұмытып қалдым ғой. Шу тудыратын бейнебаян. Батылдықты айтамын да.

Шынымды айтайын, бірінші бейнебаянға мән бердім. Әнді тыңдап көрген жоқпын. Менің беретін бағам сегіз шығар", - дейді Әли Оқапов.

Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаеваның "Caramel" атты бейнебаяны желіде қызу талқыға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
13
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel