Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсек қатынасын жақсарта алатын тәсілдер жайлы не білесіз?

Опубликовано:

Адамдардың өмірінде жыныстық қатынас маңызды рөлдердің бірін атқарады. Ол отбасылық өмірді де берік ете алады. Дегенмен уақыт өте бірін-бірі құлай сүйген ерлі-зайыптылардың өздері бір-бірінен ләззат сезінбейтінін байқайды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: nypost.com
Фото: nypost.com: UGC

Күйбелең тірліктің шырмауында кеткен жандар бір-біріне деген құштарлық жайлы мүлде ұмыта бастайды. Төсек қатынасы бұрынғыдай ләззат сыйламайды. Бұған мына нәрселер себеп болады:

Көбірек серуендеңіз

Төсек қатынасының сапасы дене шымырлығына да байланысты екені баршаға мәлім. Мамандардің пікірінше, көп мөлшерде жаттығумен айналысу арқылы бойдағы қуатты күшейтуге болады екен. Сол қуат көзін адамдар жыныстық қатынас кезінде қолданып, өмірлерін түрлендіре алады.

Ләззаттандыратын массаж жасатыңыз

Төсек ләззатын арттыратын дүниелердің бірі - массаж. Сексолог мамандар тыныштандыратын және эротикалық массажды аптасына бірнеше рет жарты сағаттан жасап тұруға кеңес береді.

Екінші жартыңызға уақыт бөліңіз

Шаруаларыңызды шетке ысырып, бір күніңізді екінші жартыңызға арнаңыз. Романтикалық кеш жасап, естен кетпес түнді бірге өткізіңіздер.

Ашуыңызды тудыратын нәрселерден бас тартыңыз

Күнделікті күйбелең тірлік кім-кімнің болсын титығына тиюі мүмкін. Жұмыс, үй, төленбеген несие, қарыздар - осының бәрі адамның ашуын тудыра алады. Сол себепті, сүйіктіңізбен кешке дейін серуендеп, жағымсыз ойларға ерік бермеуге тырысыңыз.

Ароматерапияға мән беріңіз

Сіз қандай да бір иістердің адамды қоздыра алатынын білесіз бе? Ондай иістерге қиярдың, раушан гүлдің және қызылмияның иісі жатады. Мамандардың мәліметінше, олардың иісі әйелдің жамбас бөлігіндегі қан айналымды жақсартады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792544-tsek-katynasyn-zaksarta-alatyn-tsilder-zajly-ne-bilesiz/

pixel