RU
Алматыда алаяқтық күдігі бойынша ағайындылар іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда алаяқтық күдігі бойынша ағайындылар іздестіріліп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматылық полицейлер аса ірі көлемдегі аляқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Іс фигуранттары ретінде бірге туған ағасы мен қарындасы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күдіктілер. Фото: Алматы ПД

Күдіктілер. Фото: Алматы ПД

"Полицияға 1988 жылғы Л. мен оның 1990 жылы туған қарындасының үстінен шағым түскен. Арызданушылар бұл туысқандардың аса ірі көлемдегі бөтен адам мүлкін тартып алуға бағытталған бірнеше алаяқтық қылмыс жасағанын мәлімдеген.

Еліміздегі барлық қала мен облыстардағы полиция департаментері күдіктілердің қайда екенін анықтау үшін барын салуда.

Бұл күдіктілердің қазірдің өзінде басқа да алаяқтық әрекеттер жасап жүруі де әбден мүмкін.

Егер де іздеуде жүрген күдіктілер жайлы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Алматыдағы қылмыстық полиция басқармасы мына нөмірлерге қоңырау шалуыңызды сұрайды: 254-41-18, 254-43-84, 254-42-19 или 102" , - деді Алматыдағы қылмыстық полиция басқармасының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel