RU
Алматыда қамалған Әсия Тулесова басқа камераға ауыстырылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қамалған Әсия Тулесова басқа камераға ауыстырылды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың полиция департаменті Алматыдағы марафон кезінде баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған белсенді Әсия Тулесованың жағдайына қатысты қауесетке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/pg/asyatulesova

Фото: facebook.com/pg/asyatulesova

Құқық қорғау органдары Тулесованың әлеуметтік желілерде таралған арнайы қабылдау орнындағы арандатушылық пен соққыға ұшырағаны туралы ақпарат жалған екенін хабарлады.

Полицияның мәліметінше, тексеріс нәтижесі бойынша Әсия Тулесованы қамауда ұстау талаптары барлық ережеге сай , оған қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Дәрігерлер оның денсаулығын бақылауда ұстап отыр.

Департаменттің хабарлауынша, қазір белсенді бойжеткен басқа камераға ауыстырылған. Бұл шара келешекте оны қамауда ұстауға қатысты жалған деректердің алдын алу үшін жасалып отыр.

Айта кетейік, Алматыдағы марафон кезінде баннер ілген белсенділер қатысушыларға кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын.

Осыған дейін Әсия Тулесова дәрігерлер бақылауында екені хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
15
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel