RU
Шымкенттік судьялар бұдан былай тек таксимен жүретін болды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік судьялар бұдан былай тек таксимен жүретін болды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің судьялары қызметтік көліктен бас тартып, енді таксимен жүретін болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Шымкенттік судьялар бұдан былай тек таксимен жүретін болды

Фото: Нұрсұлтан Байтілесовтің Facebook парақшасынан алынды

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, судьялар қызметтік көліктен бас тарта отырып, кететін шығындарды үнемдеуді мақсат тұтыпты.

Енді судьялар ертеңнен бастап таксиге отырады.

"Енді қызметтік автомобильдерді сатып алу және жаңарту қажеттілігі болмайды, қызмет көрсету мен жөндеу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, отын сатып алудың қажеті жоқ, сондай - ақ жүргізушілерді штатта ұстаудың қажеті жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттің судьялары балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel