Выйти
RU

Тоқаев жемқорлық үшін жазаланған лауазымды тұлғалар туралы айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жемқорлықпен күрес туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президенттің сөйлеген сөзінен үзіндіні баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында жариялады.

"Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар.

Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе.

Біздің елімізге келер болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда және кең қанат жайып келеді. Жақында тиісті ведомствоның басшысын қабылдадым. Осыған байланысты жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма бердім.

Жалпы сандық және сапалық тұрғыдан алғанда жазалау жөнінен Қазақстан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі.

Байқасаңыздар, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоғары лауазымды адамдар жауапқа тартылған. Олардың арасында премьер-министр, бірқатар министрлер, ведомство басшылары және басқалар бар.

Басқа қай елде мұндай жағдай болды? Айту қиын. Мен өз тарапымнан осы жүйелі мәселені шешу үшін барынша күш-жігерімді жұмсаймын деп сенімді түрде айтамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев жемқорлық үшін жазаланған лауазымды тұлғалар туралы айтты (видео)