RU

"Қауесетке сенбеңіздер": Сапарбаев мекенжайлық әлеуметтік көмек туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан әкімдігіндегі көпбалалы аналармен өткен кездесуде әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат туралы айтты. Шенеунік жаңартылған мекенжайлық әлеуметтік көмек те бір тоқсан ғана төленетінін жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Мекенжайлық әлеуметтік көмек төленеді. Бұл 10 жылдық бағдарлама. Сол себепті, мен көпбалалы аналарды ешкімді тыңдамауға шақырамын. Біздің айтқанымызды тыңдаңыздар, өйткені біз ақшамен бекітіліген нәрселерді айтамыз", -деді министр.

Бұған дейін өз баяндамасында ол жалпы республика бойынша "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасын жүзеге асыруға үш жылға 2 трлн 200 млрд теңге, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алуға - 383 млрд теңге қарастырылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, биылғы жылы жергілікті билік органдарының қаражаты есебінен 821 мыңға жуық қазақстандық 83 млрд теңге әлеуметтік көмек алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792616-kauesetke-senbeizder-saparbaev-mekenzajlyk-leumettik-kmek-turaly-ajtty.html