RU
"Көршілермен жатасың дейді": Күйеуінен қорлық көрген әйел сырын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Көршілермен жатасың дейді": Күйеуінен қорлық көрген әйел сырын айтты

Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта күйеуінен аяусыз қорлық көріп жүрген әйел жан сырын ақтарды. Алғашында тек ішімдікке әуестенген азамат енді жұбайына қол көтеруді шығарыпты. Бұл туралы шыдамы шегіне жеткен келіншек Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: newsbel.by

Көрнекі фото: newsbel.by

"Кеше тепті, қолымды қайырып, ауыртты, мені тастап, жұлқыды",- деп бастады келіншек әңгімесін.

Оның айтуынша, күйеуі біраз уақыттан соң тақырыпты ауыстырып жіберген.

"Сен көршілермен жатасың, біреуің бар" деді. Мен үйде балаларыммен отырамын. Ешқайда шықпаймын, құл сияқтымын, құрбыларым да жоқ, қатты қиналып кеттім. Енеме хабарласып айтсам, "басымды ауыртпа" деп, телефонды қойып тастады.Күйеуіме "алқашсың "десем, одан сайын ашуланды. Үйде балалар ұйықтап жатыр, ал ол айқайлап, есіктерді тепті, қабырғаларды ұрды. Көршілер де бәрін естіді. Таң атқанша мені қинады", деді әйел.

Мұндай азапқа ендігәрі төзе алмайтынын білген келіншек үш баласымен бірге үйден кетсем бе деп отыр.

Сіздің реакцияңыз
7
3
5
31
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel