Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин ресми түрде өзінің жаңа бапкерін таныстырды (фото, видео)

Опубликовано:

Геннадий Головкин ресми түрде өзінің жаңа бапкерінің кім екенін айтты. Ол кезінде Виталий Кличкомен жұмыс істеген, жасы жағынан қазақстандық боксшының өзінен бірнеше айға кіші Джонатон Бэнкс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Головкин жаңа бапкері жайлы жаңалықпен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Сіздерге жаңа бапкерім Джонатон Бэнксті таныстырғым келеді. Онымен серіктестігіміз жақын арада өз жемсін береді деген сенімдемін", - деп жазады боксшы.

Сонымен қатар отандасымыз жаңа серіктес, жаңа бапкер болғанымен, мақсат - ол жанкүйерлерге бокстағы ең әсерлі шоуды сыйлау болып қала беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеген.

Боксшының бұрынғы бапкері бұған қатысты пікір білдіріп, серіктестіктің аяқталуына не әкеліп соққанын айтқан еді.

Сонымен қатар Санчес GGG мен DAZN арасындағы мәміле туралы да сөз қозғаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792633-golovkin-resmi-trde-zini-zaa-bapkerin-tanystyrdy-foto-video/

pixel