RU
Головкин алғаш рет ел алдында Абель Санчес жайлы өз шындығын айтты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Головкин алғаш рет ел алдында Абель Санчес жайлы өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алғаш рет бұрынғы бапкері Абель Санчес жайлы пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG Санчес тарапынан өзіне қарсы айтылған сөздерге тоқталып, оны құрмет тұтатынын атап өтті.

Айта кетейік, Абель Санчес қазақстандық боксшымен жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін ол сұқбаттарында Головкиннің жалақысын қысқартқысы келгенін айтып, оны сараң әрі рақметі жоқ деп атаған болатын.

"Мен бұл джентльменді құрметтеймін. Ол мені көп нәрсеге үйретті. Оның өз тарапынан айтып жатқаны өз жұмысы. Мен... Жай менің Instagram-ды қараңыз. Мен:"Көп рақмет, сен маған шын мәнінде орасан зор тәжірибе бердің" деп жаздым. Осылай", - деп жауап қатты Головкин.

Дегенмен боксшы Behind The Gloves басылымына берген сұқбатында Абель Санчеспен арадағы мәселе ақшаға байланысты туындағанын мойындаған.

"Иә, бұны бір сөзбен ақша үшін туындады деп айтуға болады. Әркім өз жағын, өзінің көздеп жүрген мақсатын көрсетті. Егер егжей-тегжейін келсек, ол өз пікірін мен өз пікірімді айттым. Әйтеуір бір сұқбаттында дұрыс ой айтылады деп үміттенем. Ал "ұлымды жоғалттым" дегені. Сіз бұл фразаны мәтіннен жұлып алып отырсыз, бұл оның қолданатын тыйым салынған әдісі. Ол өзінің келбетін толық көрсетті. Мен қандай да бір нюанстар мен егжей-тегжейін атап өткім келмейді... Ол басында бір сөйлеп, кейін соған мүлде басқаша сөйлеп отыр. Ол өзінің шешімі. Алайда мен одан да көп білем, және бәрі ол айтқандай емес ", - дейді Головкин.

Еске сала кетейік, отандасымыз америкалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеген.

Боксшының бұрынғы бапкері бұған қатысты пікір білдіріп, серіктестіктің аяқталуына не әкеліп соққанын айтқан еді.

Сонымен қатар Санчес GGG мен DAZN арасындағы мәміле туралы да сөз қозғаған болатын.

Ал 4 сәуірде ол жаңа бапкері Джонатон Бэнксті ресми түрде таныстырды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel