RU
Үш титул үшін шайқас: "Канело"- Джейкобс арасындағы жекпе-жек басталды (онлайн)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үш титул үшін шайқас: "Канело"- Джейкобс арасындағы жекпе-жек басталды (онлайн)

Рассказать Вконтакте

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек басталады. Олар орта салмақтағы WBC, WBA Super және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elnuevodiario.com

Фото: elnuevodiario.com

Альварес-Джейкобс арасындағы бокс кешенін тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:30-да басталды.

Ал бұл кештің басты кездесуі америкалық боксшы мен мексикалық арасындағы жекпе-жек сағат 9:00-ден кейін бастау алды.

Айта кетейік, залда Альварес пен Джейкобстың бұрынғы қарсыласы отандасымыз Геннадий Головкин отыр. Боксшы бокс кешіне жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен келген.

Сондай-ақ, бүгінгі кездесуде Альварес жеңіске жетсе, онда қыркүйекте "Канело" — GGG арасындағы үшінші кездесу өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Головкин WBC және WBA (Super) белбеулерінен өткен жылы қыркүйекте Сауль Альвареспен екінші мәрте кездескен уақытта айырылып қалған болатын. Төршілердің басым бөлігі "Канело"-ны қолдап, қазақстандық боксшы алғаш рет мансабында жеңіліс тапқан еді.

Джейкобспен Головкин 2017 жылы наурыз айында кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімен жеңіске жетті.

Ал Сауль Альварес өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылы 15-ші желтоқсанда британдық Рокки Филдингке қарсы өткізіп, оны үшінші раундта нокуатқа түсірген.

Дэниэл Джейкобс шаршы алаңға өткен жылы 27-ші қазанда шығып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, бос тұрған IBF белбеуін иемденді.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімін осы жерден көруге болады

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel