RU

"Канело"-Джейкобс айқасы: Сауль Альварес жеңіске жетті

WBC және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белбеуін иемденді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: DAZN
Фото: DAZN: Depositphotos

"Канело" - Джейкобс арасындағы кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті.

Кездесу 12 раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті мексикалық боксшыға берген (116:112, 115:113, 115:113).

Осылайша Альварес үшінші чемпиондық белбеуіне қол жеткізді. Айта кетейік, бұл белбеудің барлығы Геннадий Головкинде болған.

Енді абсолютті чемпион атану үшін "Канело"-ға WBO нұсқасы бойынша тағы бір титулды жеңіп алу керек.

Айта кетейік, "Канело" мансабындағы 52-ші жеңісіне қол жеткізсе, Джейкобс үшінші рет жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, Альварес пен Джейкобс арасындағы жекпе-жекті тамашалау үшін T-Mobile аренаға Геннадий Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен келгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792648-kanelo-dzejkobs-arasyndagy-sajkas-saul-alvares-zeiske-zetti.html