RU
"7 мамырда әскери шеру болмайды": Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

"7 мамырда әскери шеру болмайды": Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде көрсетті, деп хабарлаған ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан ресми сауалына.

Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

"Отан қорғаушылар күніне орай әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ",- деп жазылған Қорғаныс министрлігінің жауабында.

Вемдоствоның мәліметінше, биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткен. Ол Алматы облысындағы "Қаратал" полигонында ұйымдастырылған болатын.

"Әскери шеруден бас тартудың айтарлықтай себебі жоқ. Бізде шеруді жыл сайын өткізу керек деген регламент жоқ. Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы өтті. Жаттығу кезінде қазақстандық әскер өзінің күш-қуатын көрсетті", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Серік Боранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
32
2
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel