RU

"Канело" Головкинді тағы да ұрып жығуға уәде берді

Дэниэл Джейкобсты жеңіп, үш бірдей титулды иеленген мексикалық боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: karate.ru
Иллюстрациялық фото: karate.ru: UGC
"Қазір маған үлкен шақыртулар керек. Менің қалайтыным осы. Егер адамдар Головкинмен тағы бір жекпе-жекті қаласа, онда тағы біреуін ұйымдастырайық. Мен оны тағы да ұрып жығам. Сол үшін мен осы жердемін. Мен өзімдікін қорғап, жеңу үшін дүниеге келгенмін. Мен кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын" - деп мәлімдеді мексикалық боксшы.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренада Сауль Альварес Дэниэл Джейкобсті жеңіп, WBC, WBA Super және IBF титулдарының иегері атанды.

Ал Головкин аталмыш жекпе-жекті T-Mobile аренадан тамашалап отырды. Кейін қазақстандық боксшы америкалық пен мексикалық арасындағы кездесуге пікір білдіріп, жекпе-жектің қызықсыз өткенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792680-kanelo-golovkindi-tagy-da-ryp-zyguga-ude-berdi.html