Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан тұрғындарымен бірігіп, екі тонна қоқыс шығарған (фото)

Опубликовано:

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бүгін Сарыарқа ауданындағы ағаш отырғызу телімінде тұратын тұрғындармен кездесті. Шенеунік жексенбілік плоггингке қатысып, халықпен біріге, екі тонна қоқыс шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov
Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov: Depositphotos

Тұрғындармен кездесуі жайлы әкім өзінің Facebook парақшасында жазды.

Сұлтановтың сөзінше, Сарыарқа ауданындағы ағаш отырғызу телімінде қазір 350 адам 60 жер үйде мекен етіп отыр екен. Бүін олардың бірі қалмай тазалық науқанына шығып, әкіммен бірлесіп 2 тонна қоқыс шығарған.

Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov
Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov: Depositphotos

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тыныс-тіршілікке байланысты сұрақтарын қойып, оның ішінде ауыз су, жол салу, жарық пен балалар ойнайтын алаң орнату мәселелерін көтерген.

Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov
Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov: Depositphotos
"Әрқайсысына әкімдік шеткі аумақтарды дамытуға ерекше назар аударып жүргенін, ең күрделі мәселені шешу үшін бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтып, түсіндірдім. Өздері де қол қусырып отырмаған екен. Шамалары жеткенше көшеге жарық орнатып, айналасын тазалап отырады. Белсенділіктері үшін үлкен алғысымды айттым", - дейді елорда басшысы.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов бүгін "Көктал 2" тұрғын алабының азаматтарымен кездескен. Олар да 68 мектептің алдындағы саябақты көгалдандыру үшін ағаш отырғызу науқанына кіріскен.

Әкім олармен бірген қайың, қарағай ағаштарын отырғызған.

Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov
Фото: Facebook / Bakhyt Sultanov: Depositphotos

Сұлтановтың сөзінше, дәл қазір бұл ауданда 12 мыңнан аса тұрғын тұрады. Ал саябақ олардың сүйікті демалыс орнына айналған.

Сонымен қатар шенеунік "Көктал" ауданын аралау барысында 68 мектептің жанынан салынып жатқан жапсарлас нысанның құрылысы мен жолдарың аxуалын тексеріп, жауаптыларға тиісті тапсырма бергенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792685-bakyt-sltanov-nr-sltan-trgyndarymen-birigip-eki-tonna-kokys-sygargan-foto/

pixel