RU
20 жасында өз бизнесін ашып, байыған шымкенттік ару сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

20 жасында өз бизнесін ашып, байыған шымкенттік ару сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік Эриэтта Дукоян - 20 жасында өз бизнесін ашып, отбасы мен кәсібін бірге алып жүрген іскер ару. Студент шағында бизнес ашқан жас ананың табысты болуының сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап көрді.

Фото жас кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Фото жас кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Жас кәсіпкердің айтуынша, мамандығы бойынша ол қаржыгер екен.

"Өз бизнесімді 20 жасымда аштым. Ал 22 жасымда еліміздегі танымал банктердің бірінде өндірістік тәжірибеден өттім. Банк басшылығы мені жұмысқа шақырғанымен, бизнесім болғандықтан, сондай-ақ, жүкті болғандықтан, ол қызметтен бас тартуға тура келді.

Шыны керек, өз кәсібімді ешқашан тастаған емеспін, керісінше, тіпті жүктілік кезінде де, бизнесімнің басы-қасында жүрдім. Қазір шүкір, екі қызым бар.

Афина мен Николеттаның арасы тура бір жыл, бір апта. Отбасым, жақындарым да үнемі жанымнан табылып келеді. Сол себепті, оларға алғысым шексіз", - дейді келіншек.

Эриэтта бизнесті жас кезде ашу қажет деген кеңес айтты.

"Жастайыңыздан бизнес ашсаңыз, қорқыныш аз болады және жастықпен кез келген іске кіріскің келіп тұрады.

Қазір мен шаршағанды басатын, сондай-ақ жүкті келіншектерге арналған жастықтарды жасап, сатылымға шығарамын.

Ендігі кезекте сатылымдағы заттар санын көбейтіп, сауданы онлайн түрде жасау жайлы жоспарым бар", - дейді кәсіпкер.
Сіздің реакцияңыз
5
3
5
1
3
26
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel