RU
"Шымкенттіктер пысық": Жас кәсіпкер оңтүстік тұрғындарын мақтады
Жаңалықтар Қоғам

"Шымкенттіктер пысық": Жас кәсіпкер оңтүстік тұрғындарын мақтады

Рассказать Вконтакте

Небары 20 жасында кәсіп ашып, танымал бизнесмен атанған Эриэтта Дукоян шымкенттік кәсіпкерлердің құпиясымен бөлісті. Оның айтуынша, шымқалалықтар басқа өңірлердің тұрғындарымен салыстырғанда өте еңбекқор келеді екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Шымкенттіктер пысық": Жас кәсіпкер оңтүстік тұрғындарын мақтады

Эриэтта Дукоян. Фото: жеке мұрағатынан

Бүгінде күйзеліске қарсы креслоларды өндіріп, сатылымға шығаратын шымкенттік кәсіпкер жерлестерінің бизнес ашуға бейім келетінін айтты.

"Шымкенттіктер бизнеске келгенде өте креативті келеді және ештеңеден қорықпайды, батыл болады.

Сондай-ақ, біз өте еңбекқор жандармыз. Қазір жастардың дені өзін-өзі дамытсам дейді.

Шыны керек, Шымкенттен шыққан жас кәсіпкерлерді мақтан тұтамын. Бизнес жүргізу оңай шаруа емес.

Егер кәсіпкер болсаңыз, бизнесті ұйымдастырудан бастап, шығынға дейін, барлығын есепке алуға тура кедеді", - дейді жас кәсіпкер.

Эриэтта Дукоян жас мамандарды кәсіп бастаудан қорықпауға шақырды.

"Бизнесті бастаған соң, өз күшіңе, тек өз-өзіңе ғана сенуің керек. Сонымен бірге өз-өзіңді жетілдіріп отыру жағын да ұмытпау керек. Себебі адамның өз мүмкіндіктері оны қашан да алдамайды", - дейді екі баланың анасы.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel