RU
Марафонда баннер ілгені үшін қамалған Түлесова мен Толыбеков бостандыққа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Марафонда баннер ілгені үшін қамалған Түлесова мен Толыбеков бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

"Сандж" зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова Алматыда 15 тәулікке қамауға алынған екі белсенді Ася Тулесова мен Бейбарыс Толыбековтың 5 мамыр күні бостандыққа шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белсенділер үйде. Фото: facebook.com/janar.jandosova. Соттағы плакат. Фото: NUR.KZ

Марафонда баннер ілгені үшін қамалған Түлесова мен Толыбеков бостандыққа шықты

Еркіндік! Ася мен Бейбарысты қоғамдық кездесуден қауіптеніп, алып келді! Кім келеді, келіңдер!"- деп жазды ұйым басшысы.

Бұл ақпаратты Tengrinews.kz агенттігіне қорғаушы Жанар Балғабаева растады. Ол қамау мерзімі 6 мамыр күні сағат таңғы 9.10- да аяқталатынын айтты.

Адвокат жастарды неге уақытынан ерте шығарғанынан бейхабар. Екі белсенді жексенбі күні кешке Асяның үйіне жеткізілген.

Айта кетейік, 21 сәуір күні Ася Тулесова мен Бейбарыс Толыбеков Алматыда өткен марафонда "Шындықтан қаша алмайсың", "Менде таңдау бар" деген орысша жазуы бар плакаттарды ілгені үшін ұсталған болатын. Артынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген еді. Ақырында екі белсенді 15 күнге қамалды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel