RU
Шереметьевода өртенген ұшақ ішінде түсірілген видео пайда болды

Шереметьевода өртенген ұшақ ішінде түсірілген видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Шереметьевода "Аэрофлот" әуекомпаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: АГН "Москва"

Фото: АГН "Москва"

Жолаушылардың бірі камераға ұшақтың өртке оранғанын сәтін лайнердің ішінен түсіріп алған.

Видеодан әуе кемесі қанатының қызыл жалынған оранғанын байқауға, борт ішіндегі адамдардың айқайлап жатқан дауысын естуге болады.

"Мама", "Санечка соңымнан кел", "Тыныштық сақтаңыздар", "Барлықтарыңыз сыртқа", - деген жолаушылардың дауыстары естіледі.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін жариялады.

Сіздің реакцияңыз
3
4
4
45
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel