RU
"Қазақ қыздары жарды": Назима мен Say Mo ресейліктерді таңдай қақтырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақ қыздары жарды": Назима мен Say Mo ресейліктерді таңдай қақтырды

Рассказать Вконтакте

ТНТ арнасындағы "Песни" жобасында өнер көрсеткен Назима мен Say Mo ресейліктерді таңдай қақтырды. Бағдарламаның алғашқы концертінде қазақ қыздары сахна төріне "Не говори" әнін орындап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Тиматидің тобында бақ сынап жүрген Say Mo бірінші концертте Black Star лейблінің мүшесі Назимамен дуэт орындады.

Әндері мен қойылымдарын үйлестіре білген қазақ қыздары көптің көңілінен шығып, төрешілердің де оң бағасына ие болды.

Бүгінде жоба қатысушыларының арасында Назима мен Say Mo-ның видеосы қаралым бойынша көш бастап тұр. Екі күн ішінде олардың өнерін 520 мыңға жуық адам тамашалаған.

Көрермендер тек талантты қыздарға тәнті болып қана қоймай, жылы лебіздері мен тілектерін жазып қалдырған.

Өз ойын білдіргендер қатарында қазақ қыздары Ресей шоу-бизнесінің сапасын көтеріп жатқанын айтқандар да табылыпты.

"Алғашқы секундтарда "Қазақстан" деген жазу бар. Ол талай таланттары бар елге деген құрмет", "Say Mo ресейлік сахнада нағыз хип-хоп жасап жүр", "Концерттегі ең үздік өнер", "Қыздар бәрін жоғары деңгейде алып шықты", "Бір қазақ қызы-мықты, екеу болса да одан да жақсы", "

Қазақтарды жақсы көремін. Say Mo Black Star үшін жаңа тыныс деуге болады", "Сэй Мо хип-хоп үшін жаралған", "Назиманың харизмасы қандай", "Бұл хит, бейнебаян түсіру ғана қалды", "Қазақтар қолдарынан не келетінін көрсетті",

"Тимати Қазақстанның барлық қыздарын тобына алайын деді ме?", "Қазақ қыздары жарды", "Жүз рет көрдім", "Say Mo жаңа топ есім", "Ол ақтық сында", -деп жазды олар.

Осы жылы "Песни" жобасында додаға түсіп жатқан алматылық Say Mo-ның келесі кезеңге өтіп, жеңіс тұғырынан көрінуі үшін отандастардың қолдауы аса қажет.

Ол үшін "TNT Club" қосымшасын жүктеп алып, тіркеуден өту қажет. Содан кейін "Дауыс беру" батырмасын басып, Say Mo-ны таңдау керек. Дауыс беру 7 мамырға дейін жалғасады және тегін!

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
3
0
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel