Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов әкесінің 63 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов әкесінің 63 жасқа толған мерейтойын өзінің туған жерінде атап өтті. Өнер иесі бұл жайында көпшілікпен Instagram парақшасы арқылы бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Өмірқұл Айниязов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Менің әкем ең жақсы адам. Пайғамбар жасыңыз құтты болсын! Аман болыңыз! Ал құрметті оқырман, тілектеріңізді жаудырыңыздар!", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Өтеген қарияның пайғамбар жасқа толуымен жарыса құттықтап, ақ тілектерін жеткізген.

"Өте керемет", "Әкеңіз аман болсын", "Пайғамбар жасы құтты болсын", "Балалары мен немерелерінің қуанышына бөлене берсін", "Асқар таудай әкеңіздің туған күні құтты болсын".

"Қуанышқа толы ғұмыр тілеймін", "Сіздей адамды өмірге алып келген ата-анаңыз аман болсын", "Әкеңіз мың жасасын", "Өмірқұлдай ұлы бар әкеңіз бақытты ғой", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өмірқұл Айниязов көпшілікке үш қабаттты зәулім үйін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792723-mirkl-ajniazov-kesini-63-zasyn-drkiretip-atap-tti-foto-video/

pixel