RU
41 адам ажал құшты: Мурманск облысында қаралы күн жарияланды
Жаңалықтар Калейдоскоп

41 адам ажал құшты: Мурманск облысында қаралы күн жарияланды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде 5 мамыр күні Шереметьево әуежайындажолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шығып, 41 адам қаза тапты. Осыған байланысты Мурманс облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mash

Фото: Mash

Басылымның жазуынша, қайтыс болғандардың отбасына бір миллион рубль төленбек.

Өрт салдарынан зардап шеккендерге 500 мың рубль беріледі.

Аза тұту белгісі ретінде Мәскеудегі Останкинсктік мұнарасындағы жарық сөндіріледі.

Бұл туралы Ресейлік телевизия және радиохабарлық желісі Twitter парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін жариялады.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel