RU
Шереметьевоға апатты жағдайда қонған ұшақтың видеосы жария болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьевоға апатты жағдайда қонған ұшақтың видеосы жария болды

Рассказать Вконтакте

Шереметьевода ұшақ өрттенді. Желіде Sukhoi Superjet лайнерінің мәскеулік әуежайдың қону жолында апатты жағдайда тоқтағанын көрсететін видео пайда болды. Бұл туралы Mash Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Роликтен әуе кемесінің қону жолында жерге соғылғанын, бір рет секіріп құлағанын байқауға болады. Бұл сәттер мәскеулік әуежайдың бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманс облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
4
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel