RU
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

оқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Қымбатты отандастар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл.

Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!", - делінген ресми хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel