RU
Мәскеудегі ұшақ апаты: СІМ қазақстандық жолаушыларды тексеруде
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеудегі ұшақ апаты: СІМ қазақстандық жолаушыларды тексеруде

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр деп хабарлайды сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

"Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының болуы немесе болмауы тексерілуде. Ұшақта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтудеміз. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен үнемі байланыста", - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманс облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады.

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel