RU
Жаңа түскен келіннің маңдайынан сүйген Өмірқұл Айниязов сынға ұшырады (видео)

Жас келіннің маңдайынан сүйген Өмірқұл Айниязов қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жаңа түскен келіннің маңдайынан сүйіп, көрімдік берген Өмірқұл Айниязов сынға ұшырады. Отандық танымал әнші әйелдердің жас келінді көрсетіп жатқан сәті түсірілген видеосын Instagram желісіне жүктеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Келін көрсетіп, көрімдік алу! Бұл да бір қазақтың керемет салт-дәстүрі емес пе? Сіздер не дейсіздер?",- деп жазған ол.

Алайда видеоны тамашалаған көрермендер Айниязовтың сұрағына емес, әрекетіне баса назар аударған секілді.

Әсіресе, олар әншінің жаңа түскен келіннің қолынан ұстап, маңдайынан сүйген тұсқа қатты көңіл бөлген.

Ақ босаға аттаған келіннің қызыл түсті орамал таққаны да көптің көңілінен шықпаған көрінеді.

"Келіннің қолын ұстауға, сүюге рұқсат жоқ", "Бізде қайынаға келіннің қолын алып, бетін сүймейді", "Қолын алмақ түгілі, бетіне тіке қарамаймыз", "Келін қызыл орамал тартпайды", "Маңдайынан сүйгені несі?",- деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
10
5
1
2
5
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel