RU
Бас мүфти барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Бас мүфти барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз барша мұсылмандарды қасиетті Hамазан айының бірінші күнімен құттықтады. Сонымен қатар, аталған айда адамдардың игі амалдарды барынша жиі орындауы керек екенін айтып өтті. Бас мүфти көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серікбай қажы Ораз, Фото: ҚМДБ

Серікбай қажы Ораз, Фото: ҚМДБ

Серікбай қажы ораза тұтып, ораза ұстаған барша мұсылмандарды, отадастарын қасиетті айдың келуімен құттықтады. Барша жамағатқа амандық пен береке тіледі.

"Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қадірлі бауырлар, отандастар! Баршаңызды исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен құттықтаймын. Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Әр отбасына амандық, бақыт пен береке тілеймін! Жаратушы Алла жар болсын!", - деп бастады өз сөзін бас мүфти

Серікбай қажы рамазан айында игі істер барынша еселенуі керек екенін алға тартты. Себебі дәл осы қасиетті айда адамның жасаған әрбір жақсылығы үстемеленіп жазылады екен.

"Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған"
"Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген", - деді Серікбай қажы.

Осы ретте бас мүфти жамағатты қайырымдылық іс-шараларға қатысып, кәсіпкерлерді жағдайы төмендерді азық түлікпен қамтамасыз етукге шақырды. Ауызашар кезінде Құдайы астар мен садақалар беруін сұрады.

"Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларға ұйытқы болу. ҚМДБ қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы бастамасы негізінде демеуші азаматтардың қолдауымен баспанаға аса мұқтаж 15 жанұяға пәтер кілті табысталды. Бұл бағытта ізгі шаралар жүзеге аса береді"
"Бірде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрағанда, ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген екен", - деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, бас мүфти әрбір жағдайы келген мұсылман зекет беруі шарт екенін де айтып өтті. Рамазан айында берілген зекеттің сауабы рамазан айында еселенетінін де сөз етті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel